Ата-аналар жиналысының хаттамасы » Талдыбұлақ орта мектебі
"Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің «Талдыбұлақ орта мектебі-мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 21-01-06
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата-аналар жиналысының хаттамасы
03
апрель
2017

Ата-аналар жиналысының хаттамасы

Жалпы ата – аналар жиналысы

 

                                                     Хаттама  №1                                               18.11.2016жыл

 

Талдыбұлақ ауылы                                 

 

Қатысқаны :

ата – ана - 110  

Сынып жетекшілер – 11

Ұстаздар – 10

Ауыл ақсақалы – 1

Имам  -1

 

                                               Күн тәртібінде:

Баяндама: «Отбасы мен мектеп – өнегелі ұрпақ тәрбиесі»

                                                                         Э.Молдахметова

І –жарты жылдықтағы білім сапасы Ж.Иманбаева

Ата – ана комитетін сайлау

Тұмау, сары ауру,педикулюз туралы мағлұмат беру .

                                                        Мектеп медбикесі Д.Абдибаева

Тыңдалды: 
1.Мәселе 
Баяндама « Отбасы мен мектеп – өнегелі ұрпақ тәрбиесі» Э.Молдахметова оқыды.
Отбасы- ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі, өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, басқару тәртібі, міндет-қызмет бөлінісі, кіріс- шығыс бюджеті, қасиеттеп, қастерлеп ұстанатын рәміздері т.б болмыс-тіршілік жақтары болады. Адамдардың жақсы өмір сүруі отбасы құрамындағыларға байланысты. Сондықтан отбасы құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар-намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерінің бір-біріне адал, қамқор болуына тәрбиелеген. 
Бала тәрбиесіндегі алғашқы ұстаз — ата-ана. 
     Жанұяда жақсы қасиеттер балаға сөзбен, үлкендердің үлгісімен сіңеді, дамиды: 
адамгершілік ,бауырмалдық ,татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық 
өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызу 
оның үйренуіне көмектесу берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындаулын төзімділікпен бақылау істеген ісін ұқыпты , тындырымды орындауына бағыт беру 
жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіру. 
Балаға теріс әсер етеді: 
Жанұядағы жанжал, 
үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, 
баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, 
біреудің сыртынан өсек айтуы 
балалардың көзінше арақ ішу, 
үсті-үстіне темекі тарту т.б. 
«Балаңда өсер, көкейіңді тесер» 
Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады 
Кейде сабақты жиі қалдыруға және әр түрлі сылтауларды үлкендердің өзі үйретіп отырады. 
     Бұл жағдайда балаға өтірік айтуды үйретіп отырғанын аңғармай да қалуы мүмкін. 
Сондықтан баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, сүйікті ісімен айналысуға мүмкіндік беру , дұрыс білім алуына жағдай жасау 
Ата-анаға берілетін кеңес: 
1. Балаға мектеп, мұғалім туралы көбірек мағлұмат беріп, дайындық жұмысын алдын ала жүргізіңіз. 
2. Балаңызды өзіне-өзі қызмет етуге дайындаңыз. 
3. Жанұяда бала тәрбиесіне бірдей талап қоя біліңіздер. 
4. Балаға уәде бергеннен кейін орындауға тырысыңыз, орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда дұрыс түсінік беріңіз. 
5. Баланың өз бетімен әрекет жасауына мүмкіндік беріңіз (бермеген жағдайда бала өмір бойы бір істі өздігінен істей алмайтын, жалтақ, өзіне сенбейтін болып өседі). 
6. Балаңызға сүйіспеншілікпен қараңыз. Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ол бұл әлемнен махаббат табуды үйренеді. 
Ой толғанысы ... 
1. Егер баланы үнемі сынап отырса, оқуға құлқы болмайды 
Балаға үнемі күлсе, бұйығы болып өседі 
Баланы қолдап отырса, білімге деген ынтасы артады 
2. Балаға сенім артса, ол батыл болады 
Бала төзімділікте өссе, адал болып жетіледі 
Бала қауіпсіз жағдайда өссе, ол адамға сеніммен қарайды 
3 Бала кекшілдікте өссе, ол қатыгез болып өседі 
Бала адалдықта өссе, әділ болып жетіледі 
Бала түсіністікте және сүйіспеншлікте өссе, бұл әлемнен махаббат табуға үйретеді. 
Сөйлеушілер: 3 – сынып ата – анасы - О.ТемиргалиеваБаяндама бойынша оқушының талаптары, ережесі, оқу-құралдары, мектеп, ата-ана арасындағы байланыс, түсіністік ортақ нәтиже туралы құнды ой-пікірлер айтылды, қоштайтындығын білдірді. 

2 – мәселе

І –жарты жылдықтағы білім сапасы  туралы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Иманбаева

       Талдыбұлақ орта  мектебінің  ұжымы да бар  күш-жігерін  жұмылдырып жаңартылған  білім мазмұны бойынша жұмыс  жасауда.

 Мектепте 232 оқушы  бар оның ішінде 110 қыз,   28  ұстаз білім  беруде. І тоқсанды 230  оқушымен аяктадық оның ішінде 110 қыз.

 І-тоқсан қорытындысы бойынша:

Сынып

сынып

 2б-

сынып

3-сынып

4-сынып

2-4

сыныптар

5-сынып

6-сынып

7-сынып

8-сынып

9

-сынып

5-9

сыныптар

10

сынып

2-            11сыныптар

Оқушы  саны

20

20

24

23

87

23

21

16

22

16

98

11

196

Оның  ішінде  қызы

9

13

13

15

50

12

10

4

13

3

42

9

101

оқиды

«5»

5

6

6

6

23

3

 

--

2

1

6

4

33

қызы

 

3

4

5

6

18

2

 

 

1

Похожие публикации:

03 апрель 2017 Мектеп ұжымы
Мекен жайымыз
Еңбекшіқазақ ауданы, көшесі, үй

Басқа ресурстар
"Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің «Талдыбұлақ орта мектебі-мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
©2016-2021, Ресми сайт Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің"мемлекеттік мекемесінің «Талдыбұлақ орта мектебі-мектепке дейінгі шағын орталығымен
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru