Мектеп тарихы » Талдыбұлақ орта мектебі
"Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің «Талдыбұлақ орта мектебі-мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 21-01-06
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2021

Мектеп тарихы

«Талдыбұлақ орта мектебі – мектепке дейінгі  шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тарихы


1928 – 29 жылдарда   Талдыбұлақ  ауылында  Оразбай атайдың үйінде балалар арапша сауат  ашуға шақырылды. Ашылған екі сыныптағы оқушылардың саны – 17, мұғалімі -   Қырғызбаев. Алғашқы білім алушылар: Тоқбосынова Зағила, Касенов Салықжан т.б.


1930 – 31 жылдарда   мектепте Кәрбозов Ибраим ұстаздық қызмет атқарған. Оқушы  саны – 22. Бұл кісіден Иманбаева Манат, Касенова Латипа оқыды және т.б.


1932 – 33  жылдарда мектепте Кешубаев Дүйсебай, Құрманбаев Бәзілбек, Далдабаев Сейсен оқыды. Олардың ұстазы – Алакүшіков Байтулақ.


1934 – 35  жылдарда Омарбеков Шамылған, Бөлеков Қашаған ұстаздық еткен. Бұл кісілерден дәріс алғандар: Дүндебаев Сейсебай, Құсайынов Қабылбек, Майкотова Ақтолық.


1936 – 37  жылдарда Омарбеков Шамылған, Бөлеков Қашаған ұстаздық еткен. Оқушылар саны – 25 .


1938 – 39 жылдарда мектепте Қоңқабаев мұғалім болған.


1940 – 41 жылдарда мектепте ұстаздық қызмет атқарғандар: Байшұбұлов Нұрғалық, Макетова Бибінұр, Байбосынова Үкі.


1942 – 43 жылдарда мұғалімдер құрамы өзгеріссіз: сынып комплектісі – 2, оқушылар

 саны – 24.


1944 – 45 жылдары Мамбеткеримова Асылқан, Тілепбергенова Асылқан ұстаздық қызмет атқарған.


1946 – 47 жылдары төрт жылдық мектептің меңгерушісі – Сарсебаев Нұртай болды, ұстаздар – Сәлімбаев Омаш, Иманбеков Керімбек.


1948 – 49 жылдары мектептегі оқушылар саны -72, сыныптар саны – 4, ұстаздар құрамы өзгеріссіз.


1950 – 51 жылдары мектептегі оқушылар саны – 81, сыныптар саны – 4, ұстаздар құрамы өзгеріссіз.


1952 – 54 жылдарда мектептегі бес сыныптағы оқушы саны – 87, ұстаздар құрамы: Сырымбетов Мұқажан, Қойлыбаев Қожақанмен толықты.


1954 – 55 жылдарда төрт бөлмелі мектеп үйі салынып жеті жылдық  мектеп ашылды. Оқушы саны – 92. Мектеп директоры - Сарсебаев Нұртай. Мұғалімдерге: Тектібаев Болатбек, Иван Петрович қосылды.


1956 – 57 жылдары оқушы саны – 167, оқу ісінің меңгерушісі – Садыров Заманбек. Мұғалімдер құрамы: Керімбаева Жұмағыз, Васеленко Е.А, Бакенов Омарбек, Аманбаева Гүлжахандармен толықты.


1958 – 59 жылдары оқушылар саны – 178, мектеп директоры – Зульхарнаева Насиха. Мұғалімдер: Фахратов Бәшір, Мұхаметжанов Шамылған жұмысқа қабылданды.


1960 – 61 жылдарда мектептегі оқушылар саны – 182, ұстаздар құрамы өзгеріссіз. Мектеп директоры – Омарқұлов Асылқан.


1962 – 63 жылдары оқушы саны –157, мұғалімдер құрамы – Дзендорф Ю.К, Касенов Қалауи, Ахметова Бәтима, Сыдықбаев Алтынбек, Бәйшекова Мәрияш, Мұхамеджанова  Бәтимамен толықты. Қазіргі метеп үйінің іргетасы  1963 жылы қаланды.


1963 – 64 жылдары оқушылар саны – 198, сыныптар саны – 8, мектеп директоры - - Сарсебаев Нұртай. Ұстаздар құрамы өзгеріссіз.


1964 – 65 жылдарда жаңа мектеп үйі пайдалануға берілді. Оқушылар саны – 217, сыныптар саны – 10. Ұстаздар құрамы: Темірғалиев Оразтай, Козлова, Жылқыбеков Сәтбай, Сүлейменова Күлімжан, пионер ұйымының жетекшісі: Сәбілбекова Күлашармен толықты.


1966 – 68 жылдары оқушылар саны – 213, ұстаздар қатарына – Ержебаева Күләйім, Байтуова Бүбін, Тойбаев Ердеш, Сарсебаев Мұхтар, Эйнес Э, Горобец, Қабылбекова Майко, Боранбаева, Қойлыбаева Пернегүл келді.


1968 – 69 жылдары оқушылар саны – 219, оқу ісінің меңгерушісі болып Фахратов Бәшір тағайындалды. Мұғалімдер: Нұртаева Мақпила, Бөстекбаева Амантайлармен толықты.


1969 – 70 жылдары оқушылар саны – 257, сыныптар саны – 11. Мұғалімдер құрамы: Жылқыбекова Күлімхан, Білдебаева Күлжамал, Нұрпейісова, Нейман М. Г, пионер ұйымының жетекшісі – Османова Салбимен толықты.


1970 – 71 жылдары оқушылар саны – 257, мұғалімдер: Далдабаева Бижамал, Сарсебаев Малік, Жұмабекова Күлжамалмен толықты.


1971 – 72 жылдары оқушылар саны – 269, сыныптар саны -13, мұғалімдер қатарына: Нұргазина Батима, Әмреева Бүбила, Мұхамеджанов Шамылған қосылды.


1972 – 73 жылдары мектептегі ұстаздар қатарына: Рысдаулетов Нұрбай, Қайнарбекова Зағила, Майкотова Қуаныш қосылды.


1973 – 74 жылдары оқушылар саны өзгеріссіз. Мектепке физика пәнінің мұғалімі – Сарсебаев Мұхтар қабылданды.


1974 – 75 жылдары оқушылар саны – 245, сыныптар саны – 12. Мұғалімдер қатарына: Жолымбекова Жұпаргүл, Аманбаева Мәлике қосылды.


1976 – 77 жылдары оқушылар саны – 232, сыныптар саны – 12. Мектеп директоры – Тектібаев Болатбек, оқу ісінің меңгерушісі – Миниясова Майгүл, орыс тілі пәнінің мұғалімі болып Тұрсұнова Жанат келді.


1977 – 79 жылдарда мектеп директоры – Құрманбаев Ақберген болды. Оқушылар 

саны – 211, сыныптар саны – 11. Ұзартылған күн тобына тәрбиешілер болып: Тойбаева Майра, Бабажанова Айжан, орыс тілі пәнінің мұғалімі Құрманбаева Рысалды, Керімбекова Жұмақыз, Қасымбаева Гүлнар, Мукашева Күлшархандар қабылданды.


1979 – 81 жылдары оқушылар саны – 197, ұстаздар құрамы: Әшірбаева Ұлжан, Мәлкеева Рауия, Ниязова Адиламмен толықты.

1981 - 84 жылдары оқушылар саны – 191, сыныптар саны – 11, мектеп директоры – Ереншиев Аман, оқу ісінің меңгерушісі Досанова Үзімхан. Мұғалімдер: Маңғытаева Айгерім, Қасымова Нұрғайша, Мураталиева Тұрсынай, Бурабаева Тұрсынхан, Далдабаева Бисара жұмысқа қабылданды.


1985 – 87 жылдары оқушылар саны – 198, сыныптар саны – 11. Мектеп директоры – Ахметов Қуаныш, оқу ісінің меңгерушісі Нұрғазина Батима. Мұғалімдер қатарына: Ермұхамедова Жібек, Гушкелов Журалист, Мұқашев Ермек, Сарыбаева Иринамен толықты.


1987 – 88 жылдары оқушылар саны – 182, сыныптар саны – 10. Мектеп директоры – Мажиков Мүшелбай Досанұлы. Мұғалімдер қатарына:Нақысбекова Жұмахан, Мухамеджанова Қарлығашпен толықты.


1989 – 91 жылдары оқушылар саны – 191, сыныптар саны – 11.Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық атқару комитетінің 1990 жылы 23 шілде № 18 – 377 шешімі бойынша Талдыбұлақ орта мектебі болып құрылды. Мұғалімдер құрамына: орыс тілі пәнінің мұғалімі Тектібаева Айгүл, Жекебаева Гүлзадамен толықты.


1991 -92 жылдары мектептің оқу – материалдық базасы жақсарып, мектепте радио – торап, компьютерлік кабинет іске қосылды, оқушылар саны – 221, сыныптар саны – 11. Мектеп өзінің ең алғашқы түлектерін ұшырды. Тәрбие ісінің меңгерушісі Есімжанова Дәнегүл тағайындалды. Дүйсенбаев Сейіт алғашқы әскери дайындық мұғалімі болып келді.


1992 – 93 оқу жылында оқушы саны – 167, орыс тілі пәнінің мұғалімі Пренов С жұмысқа қабылданды.


1993 – 94 оқу жылында балалар ұйымының жетекшісі Қараева Гүлнар, кітапханашы Килибаева Қуаныш жұмысқа қабылданды. Орта мектепті екі оқушы: Нұртай Нұралы, Лазгиеа Марзия ерекше үлгідегі аттестатқа аяқтады.


1994 – 95 оқу жылында оқушы саны – 215, сынып саны – 11. Информатика пәнінің мұғалімі болып Иманбаева Жанар, кітапханашы Темірғалиева Гүлмира жұмысқа орналасты. Еңбек стажына 25 жыл толған ұстаздар: Темірғалиев О, Фахратов Б, Жылқыбекова К, Білдебаева К 1994 жылы желтоқсаннан зейнеткерлікке шықты. Осы оқу жылын Мамедова Майнұр, Гушкелова Гүлмира орта мектепті ерекше аттестатқа аяқтады.


1996 – 97 оқу жылында оқушы саны – 214, сыныптар саны – 11, химия пәнінің мұғалімі Телеуова Роза, алғашқа әскери дайындық пәнінің мұғалімі Саденов Хамит, Тынышбаева Рима есепші болып жұмысқа қабылданды.


1998 – 99 оқу жылында оқушы саны – 220, сыныптар саны – 11, алғашқа әскери дайындық пәнінің мұғалімі Рысдаулетов Алмас жұмысқа қабылданды.

1999  - 2000 оқу жылында оқушы саны – 230, сыныптар саны – 11, мұғалімдер құрамына өзгеріс болған жоқ. Мектепке неміс үлгісіндегі СНАРРЕ жанармаймен жанатын пеш орнатылды.

2000 – 2001 оқу жылында оқушы саны – 240, сыныптар саны – 11, мектеп алды даярлық тобына Сабаншиева Амина, орыс тілі пәнінің мұғалмі Нұрбекова Шәмсия, үйірме жетекшісі Қаталбаева Күлшаруан, есепші болып Малдыбаева Гүлмира жұмысқа қабылданды. Мектеп жаңа үлгідегі компьютермен жабдықталып, сынып бөлмелері, мектеп дәліздері безендірілді.


2002 – 2003 оқу жылында мектептегі 5 оқушы «Ерекше үлгідегі аттестатқа аяқтады. Олар: Мажиков Ерсін, Сарсебаева Эльмира, Алиева Зарина, Мамедова Наргиз, Бакенова Амина. 14 – оқушы жоғарғы оқу орнына түсті. Мектепке Молдахметова Эльмира медбике болып жұмысқа қабылданды.

2003 – 2004 оқу жылында мектептер бойынша орта мектептегі аяқтауға байланысты оқушылар Ұлттық бірыңғай тестілеуді бастады. Мектепке педагог – ұйымдастырушы Байысбаева Шолпан, мектеп психологі Жүніс Назкен және есепші болып Байтелиева Гауһар жұмысқа қабылданы.

2004 – 2005 оқу жылында оқушы саны – 234, сыныптар саны – 11, Ұлттық бірыңғай тестінің жоғарғы көрсеткішімен жоғарғы оқу орнына грант негізінде Қаталбаева Раушан жоғарғы оқу орнына түсті. Мектепке қазақ тілі пәнінің мұғалімі Базарбаева Рыскүл және есепші бухгалтер Темірғалиева Гүлнар, мектеп іс – қағаздарын жүргізуші Адилбаева Шынар жұмысқа қабылданды.

2005 – 2006 оқу жылында оқушы саны – 224, сыныптар саны – 11, жоғарғы оқу орнына грантқа Балажанова Анар түсті. Мектепке химия пәнінің мұғалімі 

Жаңғабылов Нұрмаханбет жұмысқа қабылданды.

2006 – 2007 оқу жылында оқушы саны – 200, сыныптар саны – 11, мектепке химия пәнінің мұғалімі болып Ноқанова Дәметкен, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып Фахратов Насип, қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Қаталбаева Жанат қабылданды.

2007 – 2008 оқу жылында оқушы саны – 200, сыныптар саны – 11, мектепке іс – қазадарын жүргізуші болып Досанова Айнұр, даярлық сыныбының мұғалімі Лебекова Камшат жұмысқа қабылданды.

2008 – 2009 оқу жылында оқушы саны – 200, сыныптар саны – 11, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сабаншиева Амина,  химия пәнінің мұғалімі Айдарханұлы Бағлан,  педагог – ұйымдастырушы Салқынова Манира,  кітапханашы Тұрғанбаева Гүлмира жұмысқа қабылданды.

2009 – 2010 оқу жылында  есепші Рафикова Жұлдыз, лаборант болып Ілиясова Нұргүл, педагог – психолог болып Молдахметова Эльмира, медбике Байшығашева Анар жұмысқа қабылданды. Жылқыбекова Күлімхан, Білдебаева Күлжамал,  Мұқашев Ермек, Мұқашева Күлшарқан зейнеткерлікке шықты.

2010 – 2011 оқу жылында   оқушы саны – 181, сыныптар саны – 10. Медбике ретінде Абдибаева Динара қабылданды.

2011 – 2012 оқу жылында оқушы саны – 179, сыныптар саны – 10.  2011   жылы   қыркүйек  айында мектеп жанынан шағын орталық ашылып,  мектеп атауы «Талдыбұлақ орта мектебі – мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесі  болып өзгертілді. Шағын орталыққа тәрбиеші болып Тұрғанбаева Гүлмира,   тәрбиешінің көмекшісі Ілиясова Нұргүл, қабылданды. Мектеп есепшісі ретінде Рафиков Ернұр,  бастауыш сынып мұғалімі болып  Санғұлова Алтынай, еңбек пәні мұғалімі Кенжебаев Нұрым, химия пәнінің мұғалімі  Турсунова Кимат жұмысқа қабылданды.

2012 – 2013 оқу жылы оқушы саны-187, сыныптар саны -11.Ұйымдастырушы болып Ж.Темиргалиева, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі М.Айназаров жұмысқа қабылданды.

2013– 2014 оқу жылы оқушы саны-190, сыныптар саны -11.

2014– 2015 оқу жылы оқушы саны-197, сыныптар саны -11.Ұжым музыка пән мұғалімі Б.Альдиевпен толықты.Мектеп күрделі жөндеуден өтіп 1 қыркүйек күні ашылуы болды.

7 қыркүйек күні мектеп жанынан кіші футбол алаңының ашылуы болды.

Похожие публикации:

01 сентябрь 2021 Мектеп тарихы
01 сентябрь 2021 мұғалім жетістігі
27 сентябрь 2017 1 қыркүйек
03 апрель 2017 Мектеп ұжымы
Мекен жайымыз
Еңбекшіқазақ ауданы, көшесі, үй

Басқа ресурстар
"Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің «Талдыбұлақ орта мектебі-мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
©2016-2021, Ресми сайт Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің"мемлекеттік мекемесінің «Талдыбұлақ орта мектебі-мектепке дейінгі шағын орталығымен
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru